Интеграциялық үдеріске қатысып жатқан барлық елдердің мемлекеттік тілдері қолданылуы тиіс - Елбасы
перспективалары тақырыбындағы дәрісі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті. «Қатысушы мемлекеттердің мектептері мен жоғары оқу орындарында тарихты, әдебиетті, мәдениетін, мұрасын және ең бастысы - бір-бірінің тілдерін оқытуды ынталандыру маңызды. Егер де бұны мектеп жасынан бастаса, онда еш қиындығы жоқ. Қазақстанда заң бойынша міндетті түрде бірінші сыныптан бастап мемлекеттік қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдері оқытылады», - деді Президент. Елбасының пайымынша, әр ел бір-бірінің тілін меңгерсе, бұл өз кезегінде адамдарды жақындастырар еді. «Болашақта пайда болатын еуразиялық хабар тарату құрылымдары интеграциялық үдеріске қатысып жатқан барлық елдердің мемлекеттік тілдерін қолданғаны маңызды деп санаймын. Бұл сенімді арттырады», - деп түйді Президент.