ИНТЕРПАЙП компаниясы Қазақстанда жаңа құбыр өнімдері қоймасын ашты

Жаңа қойманың ашылуы ИНТЕРПАЙП компаниясының айына 30 мың тонна дәнекерленген және тігіссіз құбырлар шығаруына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қоймада 2 мың тонна құбыр тиеулі тұр.
Атыраудағы қоймадан басқа ИНТЕРПАЙП компаниясының Қазақстан Республикасында үш қоймалық алаңдары бар. Айына 60 мың тонна құбыр шығаратын екі қойма Астана қаласында, айына 2 мың тонна құбыр дайындайтын бір қойма Алматы қаласында орналасқан.
2010 жылдың І тоқсанында ИНТЕРПАЙП компаниясының құбыр өнімдерін өндірудегі Қазақстандағы үлесі ТМД елдері экспорты көлемінің 34 пайызын (Украина мен Ресейді қоспағанда) құрады. 2009 жылы бұл көрсеткіш 23 пайызды құраған болатын.
«Атыраудағы жаңа қойма ИНТЕРПАЙП компаниясының Қазақстандағы қоймалық бағдарламасын дамыту аясында ашылды», - дейді ИНТЕРПАЙП-тың жалпы құбыр сегментінің жетекшісі Вера Смаль.