IOI-2015: 11 қатысушы бойжеткенге естелік сыйлықтар табыс етілді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда информатикадан халықаралық олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп жатыр.
None
None

Ұйымдастырушылар медальға қол жеткізгендерден бөлек, бойжеткендерге де сыйлық табыстады. Оларға сыйлықты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева табыстады.

«Қатысқан 323 баланың 312-сі ер бала болса, 11-і ғана қыз бала. Осы əділетсіздікті түзету үшін біз қыздарды ынталандырып қоюды дұрыс деп шештік. Оларды осы жетістіктерімен құттықтап, қазақтың ұлттық қолтаңбасымен тігілген мынадай сөмкелерді табыстауды жөн көрдік. Жеңістеріңіз ұзағынан болғай!»,- деді Ш.Қирабаева.

Айта кетейік, бүгін олимпиада қорытындысы бойынша 161 медаль тапсырылды. Оның 4-уі - Қазақстанның еншісінде.

Соңғы жаңалықтар