IOI-2015 абсолютті чемпионы оңтүстіккореялық оқушы Джи Хак Юнға олимпиада кубогы табысталды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан 27 халықаралық Олимпиаданың абсолютті чемпионы оңтүстіккореялық оқушы Джи Хак Юн олимпиада кубогының иегері атанды. Айта кетейік, сайыста тек кореялық оқушы ықтимал 600 балды еншіледі.
None
None

Жас интеллектуалға жүлдені IOI президенті, Жаңа Болгар университетінің информатика департаментінің профессоры Крассимир Манев табыстады.

Профессор барлық қатысушылардың жеңіске лайық болғандығын атап өтті.

Алматыда 26 шілде мен 1 тамыз аралығында информатика пәнінен халықаралық Олимпиада өтті. Екі күнге жалғасқан сайыс барысында қазақстандықтар 4 медальды олжалап, жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар