IOI-2015: Әзербайжаннан келген қатысушы «сараң алгоритмдер» туралы айтып берді

Шариф Афанди тапсырмалардың барлығы қиын әрі қызық болғандығын жеткізді. «Негізінен біз «сараң алгоритмді» бақыладық. Маған ең қиын болғаны: бізге 6 сан берілді. Оларды таразыны қолдана отырып, 4 функциямен іріктеу керек болды. Бұл идея талап ететін тапсырма еді. Бірінші кезеңді аяқтаған соң біз аталған турды тәмамдағанымызға тік тұрып қол соқтық», - деді оқушы. Ш.Афанди екінші турда 200 балл жинап, қола медальге қол жеткізетініне үмітті. «Егер осы олимпиадада медаль алсам, Әзербайжан елінің кез-келген ЖОО-нына емтихансыз түсе аламын», - деді ол. Айта кетейік, Алматыда информатикадан халықаралық олимпиада өтіп жатыр. Онда әлемнің 83 елінен келген 323 бала өз білімін сынауда. Қазақстанның намысын 4 оқушы: Маминов Данияр, Өмірзақ Мейрамбек, Бекболатұлы Бекжан мен Алтыбай Назарбек қорғап жатыр.