IOI-2015: Қазақстандық оқушылар үздік ондыққа кірді - Шолпан Қирабаева

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылар информатикадан 27 халықаралық олимпиадада лайықты нәтиже көрсетіп, үздік ондыққа кірді. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева айтты.
None
None

«Қазақстанда өткен олимпиаданың ерекшелігі, биыл қатысушылардың саны 26 жыл бойғы тарихта болмаған рекорды көрсеткішке жетті. 83 елден 323 бала келді. Халықаралық Олимпиада комитеті неге Қазақстанға өткізуге шешті? Өйткені, біздің ел үнемі жақсы нәтиже көрсетеді. Былтыр екі күміс медаль алсақ, осыдан үш жыл бұрын 3 күміс, 1 қола медаль алдық. Биыл да біздің балалар өте жақсы нәтиже көрсетті. Қазақстан 4 медаль: үш күміс, бір қоланы олжалап, жалпыкомандалық есепте 8-ші орынға табан тіреді. Осылайша, біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 қадам» ұлт жоспарының міндетін атқардық. Біздің команда үздік ондықта», - деді Ш.Қирабаева. Оның айтуынша, қазақстандықтардың қарсыластары өте мықты болған. «Биылғы тапсырмалар өте қиын. Қарсыластар да азулы. Сонда да біздің команда жақсы нәтиже көрсетіп, 27-ші олимпиаданы лайықты дәрежеде өткізді», - деді Ш.Қирабаева. Айта кетейік, екі күнге жалғасқан білім сайысында оңтүстіккореялық Джи Хак Юн ықтимал 600 баллдың барлығын жинап, абсолютті чемпион атанды. Одан кейін ресейлік Михаил Ипатовта - 561 балл, АҚШ-тан келген Эндрю Хе 555 баллмен үшінші орынға тұрақтады. Отандық құраманың еншісінде 4 медаль бар екендігін атап өту керек. Бекжан Бекболатұлы мен Мейрамбек Өмірзақ, Найзабек Алтыбай (415 және 414, 402 балл) күміс медальді еншілесе, Данияр Маминов 323 баллмен қола медальға қол жеткізді. Келесі білім додасы Ресейдің Қазан қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар