Иордания Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге зор маңыз береді - Иордания Премьер-Министрі Самир әл-Рифаи
Кездесу кезінде Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы, саласында, атап айтқанда астықты экспорттау және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Иорданияға тасымалдау, сондай-ақ денсаулық сақтау және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қаралды. Осы жүздесу ауқымында екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ҚР Үкіметі басшысының баспасөз қызметі.
«Иордания Қазақстанмен өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге зор маңыз береді. Біз қазақстандық кәсіпкерлерге Иорданияға өз қаржысын салуды ұсынғымыз келеді», - деп атап өтті Самир әл-Рифаи.
Біздің елдеріміз арасындағы қатынастарға көшбасшылар Қазақстан Респуликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жоғары мәртебелі Король Абдалла ІІ арасындағы жылы шырайлы және достық рәуіштегі өзара түсіністік негіз қалап отыр. Бізде екіжақты қатынастарды, соның ішінде Қазақстан мен Иордания инвестицияларын ынталандыруға мүмкіндік бар», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, сондай-ақ Иордания королі Абдалла ІІ-мен кездесті. Сұхбаттасушылар өткен екіжақты келіссөздердің қорытындыларын шығарды. Кездесудің соңында тараптар қазақстан-иордан үкіметаралық комиссиясы екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруда және ойдағыдай дамытуда маңызды рөл атқаруы тиіс деп атап өтті.