Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі 2009 жылғы шілденің 1-не дейін ұзартылды

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі 2009 жылғы шілденің 1-не дейін ұзартылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кеше, маусымның 2-сі күні Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының Атқарушы директоры Қайрат Әйтекенов елімізде жүйе құрушы төрт банк, атап айтқанба БТА, Қазкоммерцбанк, Халық банкі, Альянс банкі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мерзімін шілденің 1-не дейін ұзартуды сұрап отырғандарын, оларды мұндай қадамға келіп түскен өтініштер көлемінің ауқымдылығы мәжбүрлеп отырғанын айтып, Премьер-Министрден осы ұсынысты қолдауды өтінген болатын. «Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, Үкіметтің қолдауымен Қор ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімін 2009 жылғы шілденің 1-не дейін ұзартқан. «Бағдарламаның ипотекалық несие алушылардың төлейтін қарызының пайызын барынша азайтуға бағытталғанын, сонымен қатар, келіп түскен өтініштер мен мақұлданған өтініштердің санын есепке алып отырып, қаржыны игеру мерзімі 2009 жылдың 1-шілдесіне дейін ұзартылды. Осы уақыт аралығында 4 жүйе құраушы банктердегі қайта қаржыландыру процесі аяқталады», делінген Қордың бүгін таратқан хабарламасында. «Бағдарламаның шарттарына сәйкес, мамыр айының 25-26 күні банктердің ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бойынша бөлінген қаржыны игеру мерзімі аяқталуы тиіс еді. 2009 жылдың маусымның 1-і күнгі мәліметтерге сәйкес, бағдарламаға қатысу үшін 37,7 мың адамнан 142,5 млрд. теңгенің өтініштері келіп түскен. Оның ішінде 24 мың адамның 92,2 млрд.теңге болатын өтініштері мақұлданды. 69 млрд.теңге сомасында 18 мың адаммен келісім түзілген», делінген Қор мәліметінде.
Соңғы жаңалықтар