Иран елшісі Қазақстанды өзінің екінші Отаны санайды

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рамин Мехманпараст мырзаны өз өтініші бойынша қабылдады.
None
None
Бұл кездесу елшінің Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәжіліс Төрағасы екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың соңғы жылдары дами түскенін атап өтті. Екі ел арасындағы сауда айналымы өткен жылы 2 млрд АҚШ долларынан асқан. Биылғы жылы көктемде Қазақстанға арнайы келген Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежад мырзаның сапары, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және Үкімет пен Парламентте өткізген кездесулері екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететінін жеткізді. «Қазақстан мен Иран елінің ынтымағы жарасып, экономикалық байланысы арта түсуіне Сіздің де қосқан үлесіңіз зор. Сондықтан Сізді Қазақстанның досы деп білеміз»,- деді Палата жетекшісі О.Мұхамеджанов.Мейман өз кезегінде Иран Қазақстанды стратегиялық әріптесі санайтынын айтты. «Қазақстанда 5 жыл қызмет еттім. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында Қазақстан тұрақты даму жолына түсті. Иранның ірі компаниялары қазақ елінде еңбек етуге қызығушылық танытып отыр. Өзімнің осы мемлекетте елші болғанымды мақтан тұтамын. Бұл елдің халқы бейбітшілікті сүйеді. Жақсы тұрақтылық сақталған. Қазақстан менің екінші Отаным болып есептетеді»,- деді Иран елшісі Рамин Мехманпараст. Кездесуде Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды дамыту жайлы сөз қозғады. Елші Мәжіліс Төрағасын өз еліне келіп, Иран Меджілісінің басшысымен кездесуге шақырды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум