Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани елордаға ресми сапармен келеді

АСТАНА. Қазаның 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан Парламентінің шақыруымен Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани елордаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
None
None

«Сапар барысында жоғары лауазымды қонақтың Қазақстанның ресми тұлғаларымен, Парламент палаталарының басшыларымен бірқатар кездесулерін ұйымдастыру көзделуде», деді ресми өкіл өз сөзінде.

Оның айтуынша, жоғары деңгейлі кездесулер барысында тараптар екі ел арасындағы саяси әрі сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында үйлесімді іс-қимыл жүргізу жолдарын талқылайды.

Соңғы жаңалықтар