Иран мен Сауд Арабиясы қарым-қатынасын қалпына келтіретін болып келісті

АСТАНА. ТАСС-ҚазАқпарат - Иран мен Сауд Арабиясы билігі екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге келісті, олар елшіліктерін екі ай ішінде ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: presstv.ir

Оның жазуынша, бірнеше күн бойы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен оның Сауд Арабиясындағы әріптесі Бейжің қаласында келіссөз жүргізген.

Нәтижесінде үшжақты мәлімдеме қабылданды.

Тегеран мен Эр-Рияд дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге және ең көбі екі ай ішінде елшіліктерді қайта ашуға келісті.


Соңғы жаңалықтар
Референдум