Иран мұнайды алтынға сатуды ұсынды

Бұл туралы республиканың орталық банкінің басшысы Махмуд Бахманиге сілтеме жасап IRNA хабарлады.
«Иран шетелдік мемлекеттермен сауда кезінде АҚШ долларын қолданумен ғана шектелмейді, біздің сауда әріптесіміз өзінің ұлттық валютасымен есеп айырыса алады. Мемлекет қалаған жағдайда, бізбен алтынмен есеп айырыса алады, біз оны ешбір кедергісіз қабылдаймыз», - деп мәлімдеді М.Бахмани.
Сарапшылар, елдің Орталық банкі бұл қадамға ағымдағы жылдың шілдесінен бастап шикі мұнайға эмбаргоны да қарастыратын - қабылданған санкциялар үшін барғанын айтып отыр. Онымен бірге АҚШ, долларды пайдалана отырып, Иранмен сауда жүргізетіндерге қатысты да санкцияларды қолданатын болатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, ирандық мұнайдың басты ипорттаушылары - Индия мен Қытай, Батыстың қалауы бойынша Ислам республикасынан мұнай жеткізілімінен бас тартуды ойлап отырған жоқ. Өз кезегінде Вашингтонның қысымымен Жапония мен Корея квоталарды қысқартты.
Еске салайық, өткен аптада Теһран мұнайды Франция мен Ұлыбританияға жеткізіп тұрудан бас тартты. Онымен бірмезгілде, ресми емес ақпарат бойынша, еуропалық қаржы реттеушілері ирандық банктерді SWIFT жүйесінен аластату шешімін қабылдауға әзірленіп жатыр. Бұл өз кезегінде шетелдік контр-агенттермен есептесу кезінде үлкен қиындықтарға әкеліп соғады.