14:43, 24 Сәуір 2014 | GMT +5
Иранда әскери мақсаттағы ядролық бағдарлама жоспарланған емес және болмайды - ЕАМФ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теріс пікірлер салдарынан Иранға қарсы әділетсіз санциялар салынды. Бүгін Астанадағы 12-ші Еуразиялық медиа форум барысында Иран Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Сейед Мұхаммед Казим Саджапур мәлім етті.
«Бізде ешқашанда әскери мақсаттағы ядролық бағдарлама болған емес. Осы орайда біреулердің «Иран ядролық қару жүйесін құруға тырысып жатыр» немесе еліміздегі «бағдарлама бейбіт мақсатқа арналмаған» деген болжамдары қате түсінікті қалыптастырды. Сондықтан бұл теріс пікірлер салдарынан Иранға қарсы әділетсіз санциялар салынып, БАҚ-тарда жағымсыз бейне қалыптасты», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, Иранға қатысты барлық санциялар тыйылып, ең бастысы - түсініксіз болжамдар мен теріс пікірлерді өзгерту қажет.
«Атап айтқанда, біздің елде әскери мақсаттағы ядролық бағдарлама болған емес және алдағы уақытта да болмайды»,- деп түйді министрдің кеңесшісі.