Иранда ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери атташесі аппаратының ашылуы болды

ТЕГРАН. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат – Кеше Қазақстан Республикасының Тегран қаласындағы Елшілігінің үйінде Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Қорғаныс министрлігінің әскери атташесі аппаратының салтанатты ашылуы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР-ның Ирандағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ислам төңкерісі күзетшілері корпусының, қоғамдық тәртіпті сақтау күштерінің, ИИР Сыртқы істер министрлігінің, Тегранда тіркелген шет мемлекеттер әскери атташелерінің өкілдері қатысты.Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Оңталап Оңалбаев өз сөзінде Тегранда әскери атташе аппаратының ашылуы ҚР және ИИР әскери ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға ықпал ететінін айтты.Жоғарыда аталған іс-шара аясында кітаптардың және басқа да деректі материалдардың көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасына арналған фильм көрсетілді. Қабылдауға қатысушыларға парсы және ағылшын тілдерінде шығарылған «Қазақстан-2030», «Н.Назарбаев ? ұлысаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық үлгісінің негізін салушы» атты кітаптар, ҚР Президентінің «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының, «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасының мәтіндері бар кітапша, сондай-ақ Н.Назарбаевтың «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласы тапсырылды.
Соңғы жаңалықтар