Ірі мекемелер адамдарды жұмыспен қамтып қана қоймай, әлеуметтік салаға көңіл бөлсе, Елбасы Жолдауын қолдағандық болар еді ? депутат пікірі

ОРАЛ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ірі мекемелер адамдарды жұмыспен қамтып қана қоймай, әлеуметтік салаға көңіл бөлсе, Елбасы Жолдауын қолдағандық болар еді.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Нұр Отан» партиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, Сырым ауданындағы «Көктөбе» ЖШС басшысы Кейпін Төлегенов мәлім етті. Оның айтуынша, аталмыш серіктестік 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ 2001 жылдан бері жеке балабақша жұмыс жасайды. Онда 34 бала тәрбиеленеді. Ауыл тұрғындары әр балаға айына 550 теңгеден ғана төлейді, қалған шығынды ЖШС түгелдей өз мойнына алған. Осындай тәжірибені ірі зауыт, кәсіпорындар басшылары дамытса, қарапайым адамдар үшін үлкен жеңілдік болар еді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум