Ирланд билігі Әбіләзовтің әріптес компаниялары қызметіне тексеру жүргізуде

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Ирланд билігі Дублин қаласының маңындағы кеңседен құрылған Әбіләзовтің әріптес компаниялары қызметіне тексеру жүргізуде, деп хабарлады The Irish Times.
None
None

Ирландия азаматы Филипп Барвелл (Philip Burwell) және Латвия азаматтары Стэн Горин, Эрик Ванагелс және Юрий Витман (Stan Gorin, Erik Vanagels and Juri Vitman) офшор желісін құрды, олардың қызметін Украина, Латвия және Қазақстанның құқық қорғау органдары тексеруде. Атап айтқанда, Горин мен Ванагелс басқарған Milltown Corporate Services БТА Банкінен шетелдерге қаржыны жылыстату үшін Loginex Projects LLP құруға көмектескен.

Халықаралық журналист-зерттеушілер консорциумының (International Consortium of Investigative Journalists) мәліметтері бойынша 2006 және 2007 жылдары Әбіләзов Британдық Виргин аралдарында 31 офшор компаниясын құрған. Қазір ол Қазақстандағы БТА банкінен бес миллиард доллар ұрлағаны үшін айыпталуда. Әбіләзов оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін республикадан 2009 жылы кетті және Ұлыбританияны паналады. Қазақстан ірі алаяқтығы және жалған компаниялар арқылы банк қаражаттарын алып кеткені үшін банкирді экстрадациялауды талап етуде.

Мұндай компанияларды қалыптастырудың өзі заңсыз екені аталып өтілген. Бизнестің кешенді құрылымы нағыз қожайынының кім екендігін анықтауда қиындық тудыруда. Халықаралық журналист-зерттеушілер консорциумының мәліметтері бойынша, офшорлар 32 миллиард долларға дейінгі мөлшердегі заңсыз қаржыны жасыруға көмектескен.

Соңғы жаңалықтар