13:55, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Ирландия теледидары және радиосының ұлттық симфониялық оркестрі бас дирижерлікке қазақстандық музыкант Алан Бөрібаевты шақырды - The Journal of Musiс
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Ирландия теледидары және радиосының ұлттық симфониялық оркестрі (RTO NSO) 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап бас дирижерлікке қазақстандық музыкант Алан Бөрібаевты шақырғанын жария етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат The Journal of Music басылымына сілтеме жасап. Ирландияның бас оркестрінің директоры Симус Кримменс: «Аланның біздің оркестрдің бас дирижері болуға келісім бергеніне қуаныштымын. Ол тамаша дарынды тәжірибелі музыкант. Бұған дейін біздің оркестрмен берген концерттерін тамашалап, оның тамаша шеберлігіне таң қалған болатынмын. Бөрібаевтың концерттері тыңдармандарға үлкен қуаныш сыйлайтынына сенемін», дейді. Анықтама: Алан Бөрібаев - 2010-2011 жылдары қатарынан Еуропаның үш бірдей танымал музыкалық ұжымына ? Швецияның «Норрчопинг» симфоничялық оркестріне, қазір өзі жұмыс істеп жатқан Голландияның Брабант симфониялық оркестріне және Ирландия теледидары және радиосының ұлттық симфониялық оркестріне жетекшілік ететін қазақстандық алғашқы музыкант.