Ішкі әскерлер Батыс құрамасының үздік көркемөнерпаздары анықталды

ОРАЛ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ҚР ІІМ ішкі әскерлері Батыс құрамасы әскери қызметкерлері арасында «Менің елім - атамекенім» атты өнер байқауы өткізілді.
None
None

Байқауға Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал қаласында орналасқан әскери бөлімдер өкілдері қатысты.

Өнер додасы қорытындысында Атырау қаласындағы 5546-әскери бөлім жауынгері Бауыржан Жақыпов бірінші орынды жеңіп алды. «Отбасы болып орындау» аталымы бойынша Оралдағы 5517-әскери бөлімнің аға сержанты Павел Асауляк пен оның қызы Ирина үздік шықты. Қазақ әнін орындаудан Ақтау қаласындағы 3502-әскери бөлімнен келген старшина Төлеген Зейнабылов алдына жан салмады. Патриоттық әннен Ақтөбедегі 6655-әскери бөлімнің ефрейторы Еркебұлан Ұлықпанов озды. Билеуден атыраулық аға сержанттар Нұржан Әзімбаев пен Гүлбахур Куватова үздік атанды.

Байқау жеңімпаздары Астана қаласында қараша айында өтетін қорытынды сынға қатысады.

Соңғы жаңалықтар