Ішкі істер департаментінде өткен жұмыс кездесу ұрлық тақырыбына арналды

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде «Ұялы байланыс телефондарының ұрлығы және ұрланған заттарды сатып алатын тұлғалардын жауапкершілігі» тақырыбында жұмыс кездесуі болып өтті, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Сараптама көрсетіп тұрғандай, бөтен мүлікке қарсы жасалған қылмыстар облыс орталығы Петропавлда кеңтараған, олардың 50 пайызы ұялы телефондармен байланысты. Жұмыс кездесуін ашқан ІІД-нің криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әмір Қасейіновтың айтуынша, алаяқтыққа қатысты қылмыстар бойынша өткізген талдау көрсетіп тұрғандай, қылмыскерлер көбіне адамдардың абыржуларын, сасқандықтарын және сенгіштіктерін пайдаланады. Айлакерлердің торына көбіне зейнеткерлер, жасөспірімдер, балалар түседі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, егер сізге бір адамдар телефон соғып, өзін қайғылы оқиғаға түскен сіздің туысыңыз ретінде таныстырса, абыржып, алаңдамау қажет. Олар көбіне ұялы байланыс карточкалары арқылы оған ақша түсіруді сұрайды. Телефон арқылы карточкалардың нөмірлерін жазып алады. Сол себепті телефон соққан адамға жеке басына байланысты сұрақтар қою арқылы бұл адамның шың мәнінде сіздің туысыңыз екенің немесе бөгде адам екенін анықтауға болады.

Тәртіп сақшылары бұл тақырыпқа байланысты толық ұсыныстарды кездесудің қатысушыларына таратып, сату орындарына іліп қоюды сұрады. Бұл ұялы телефон алған адамдарға қажет болып қалуы мүмкін. Сонымен қатар полицейлер кездесу барысында криминалдық жолмен табылған заттарды сатып алатын адамдардың қандай жауапкершілікке тартылатыны жайлы сөз қозғалды.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 183 бабына сәйкес қылмыстық жолмен табылған мүлікті сату немесе сатып алуға 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жұмыс кездесуіне қатысқан ұялы телефондарды сату орындарының иелері қойған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", демекші қылмыспен бірлесіп күресу қажет. Тәртіп сақшылары ұялы байланыс орталықтарының жетекшілеріне өздерінің тікелей телефондарын беріп, кез-келген уақытта хабарласуға болатындарын айтты. Жұмыс кездесуі СҚО ІІД-нің Жедел басқару орталығында аяқталды.

Соңғы жаңалықтар