Ішкі істер министрі Павлодар облысына жұмыс сапарын жасады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қазанның 29-ы.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Ішкі істер министрі  Серік Баймағамбетов       кеше, сәрсенбі күні Павлодар  облысына жұмыс сапарын   жасады.
None
None

Ол  Екібастұз, Ақсу  және  Павлодар  қалаларының ішкі істер бөлімдерін  аралады.     С.Баймағамбетов    Екібастұз полицейлерінің атына    сын-ескерту айтты -  кеншілер  мен   шахтерлар  қаласында     қылмыстардың ашылуы     50 пайыздан  асар-аспас, Ақсу  мен оның   селолық  аумағында мал ұрлау фактілері  көбейіп  кеткен.

Ал Павлодарда министр  С.Баймағамбетов облыс   әкімі  Бақытжан   Сағынтаевпен,    полиция ардагерлерімен  кездесті   және     ішкі істер  департаменттері  бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізді.   «Құқық қорғау  органдары   Елбасы алға қойған міндетті -   қалалар  мен   ауылдарда  құқықтық тәртіпті қамтамасыз  етіп,     халықтың сеніміне бөлену  және   олардың   сенімді  қорғаушылары    болу  туралы  міндетті     орындаулары керек»,   деп атап  көрсетті министр өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар