Ішкі істер министрлігі Шымкентте «Біз - Жеңіс мұрагерлеріміз» атты акциясын өткізіп жатыр

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте Ішкі істер министрлігінің 6506-шы әскери бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз -Жеңіс мұрагерлеріміз» атты акциясы өтуде.
None
None

«Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің полковник Рахметжан Шамұратов жетекшілік ететін ән-би ансамблі жексенбі күні Халықтар достығы үйінің сахнасында аталмыш акцияны бастап берді», - деп хабарлады 6506 әскери бөлімінің баспасөз хатшысы Альфия Ахметжанова.

Бұл игі шара аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, интернационал-жауынгерлердің Шымкент гарнизоны әскерилерімен, Сабыр Рахымов атындағы Республикалық әскери мектеп курсанттарымен, Шымкент заң колледжінің студенттерімен, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен және мектеп оқушыларымен кездесулері жоспарланған.

Акция аясында сондай-ақ Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің жекпе-жек бойынша республикалық біріншілігі өтеді. Бұл турнир еліміздің мемлекеттік шептерінде жауынгерлік борыштарын өтеу кезінде опат болған 6506- әскери бөлім жауынгерлерін еске алуға арналған.

Соңғы жаңалықтар