14:57, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Ислам Бозбаев украиналық дзюдошы Артем Василенконың жауырынын жер иіскетті
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - 21 жастағы қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев олимпиадалық жарыстың алғашқы айналымын жеңіспен бастады.

Қазақстандық палуан Украинаның басты үміті Артем Василенконы иппон - таза жеңіспен ұтты.