Ислам инфрақұрылымдық қоры «Орталық Азия электрэнергетикалық корпорациясы» АҚ капиталына кірді

;АЛМАТЫ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Орталық Азия электрэнергетикасы корпорациясы» (ОАЭК) АҚ-ы Ислам инфрақұрылымдық қорымен жай акцияларға жазылу жолымен компания капиталына кіру туралы келісімге қол қойды. Қор ОАЭК-тың жарғылық капиталына 50 миллион АҚШ долларын инвестициялайды.
None
None

«Ислам инфрақұрылымдық қорының «Орталықазиялық электрэнергетикасы корпорациясының капиталына енуі күллі Қазақстанның энергетика саласы үшін маңызы зор үлкен оқиға. Бұл келісім энергетика саласындағы коммуналдық кәсіпорындардың жұмысының ашықтығын көрсетеді. Ол жеке инвесторлар үшін де, ірі халықаралық даму институттары үшін де инвестициялық тартымды сала болып келе жатқанының дәлелі», - дейді ОАЭК-тің Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов. Оның айтуынша, акционерлер құрамында қазір қаржы институттарының үлесі Еуропалық қайта құру және даму банкінде - 18 пайыз, ал Ислам инфрақұрылымдық қорында - 13 пайызға жуық болып отыр.

Ислам инфрақұрылымдық қорының президенті Иоганн Бастиннің сөзіне қарағанда, бұл олардың Орталық Азиядағы алғашқы инвестициясы. Қорды ОАЭК өзінің күшті басшылығы мен корпоративтік мәдениетімен және беделімен баурап алған. «ОАЭК біздің де жақсы клиентіміз. Шикізаттық емес салаға инвестиция тартудың маңызын жақсы түсінеміз. Ислам инфрақұрлымдық қорымен серіктес болғанымызға қуаныштымыз», - дейді Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы директоры Майкл Вайнстин.

Соңғы жаңалықтар