Ислам Конференциясы Ұйымы Қазақстан жұртшылығын Ұйымның түрлі саладағы ролімен және қызметімен таныстыруға мүдделі

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Ислам Конференциясы Ұйымы Қазақстан жұртшылығын ұйымның түрлі саладағы ролімен және қызметімен таныстыруға мүдделі. Осы Ұйымның бас хатшысының орынбасары Моез Бухари Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымының жанындағы тұрақты өкілі Б.Батыршаевпен болған кездесуде осылай деді.
None
None

Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігінің баспасөз баянында мәлім етілгендей, кездесу қыркүйектің 26-сында Жидда қаласында өтті.

БҰҰ-дан кейінгі үлкен халықаралық ұйым болып табылатын Ислам Конференциясы Ұйымы өзіне мүше 57 мемлекетте саяси, экономикалық және гуманитарлық мүдделерін ілгерілету жөніндегі ауқымды және көпжоспарлы жұмыстар жүргізіп келеді. Қазақстанның 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығының қарсаңында Ұйым хатшылығы қазақстандықтарды бүгінде мұсылман әлемін толғандырып отырған мәліметтермен, Ұйымға мүше мемлекеттердің алдарына қойылған міндеттермен, өзекті халықаралық проблемаларды шешуге қосқан Ұйымның үлестерімен таныстыруды маңызды деп санайды. Осыған байланысты тараптар жылдың соңына дейін осы бағытта бірқатар бірлескен шаралар жүзеге асырмақ.

Соңғы жаңалықтар