Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының жиынына қазақстандық делегация да қатысады

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарашаның 5-і мен 9-ы аралығында Ыстамбұлда Ислам конференциясы ұйымының Экономика және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымға мүше  мемлекеттер  басшыларының қатысуымен саммит өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған қазақстандық делегация да қатысады.

Соңғы жаңалықтар