17:56, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ислам Конференциясы Ұйымының бақылаушылары өзбек сайлаушыларының жоғары белсенділігін және құлшынысын атап өтті
ТАШКЕНТ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Ислам Конференциясы Ұйымының бақылаушылары Өзбекстанда өткен сайлауға оң баға берді.

Дүйсенбі күні өткен брифингте Ислам Конференциясы Ұйымы бақылаушылар миссиясының басшысы Шукру Туфан Ұйымның жаңа жарғысына сәйкес мүше мемлекеттерден демократияны басқарудың, адам құқығы мен іргелі азаттықтарды қорғаудың және өз елдеріндегі заңнамалар үстемдігінің жақсы қағидаларын жергілікті және халықаралық деңгейде ілгері жылжытуды сұрады.
«Сайлау мониторингін орындау кезінде Ұйымға сайлау учаскелеріне еркін кіруге рұқсат етілді және өзбек халқы көрсеткен үлкен құлшыныстың куәсі болдық», - деді миссия басшысы.