Испания Қазақстанның маңызды әріптестерінің біріне айналды - ҚР Қаржы вице-министрі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Испания Корольдігі Үкіметінің арасындағы экономика және өнеркәсіп салаларындағы ықпалдастық туралы келісімге 1994 жылғы наурыздың 24-інде қол қойылған болатын.
Бірлескен комиссияның жұмысы Қазақстан мен Испанияның арасындағы ықпалдастықтың мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Отырыс барысында қазақстандық және испандық тараптар саяси қалауларының ортақтығын, екі жақтың қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және оны бекіте түсуге ұмтылыстарын атап өтті.
«Соңғы жылдары Испания Қазақстанның маңызды әріптестерінің біріне айналды. Біздің елдер арасындағы қатынастар толық түсіністік пен сенімділік жағдайында өрбуде. Қазақстан мен Испания арасындағы қатынастардың тұрақтылығын елдер Президенттерінің екі жақты ресми сапарлары да дәлелдей түсуде», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәлелов.
Тараптар Қазақстан мен Испанияның экономикалық жағдайының қазіргі жағдайы мен оның даму болашағын, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесін, индустрия, шағын және орта бизнес пен туризм салалары бойынша ықпалдастық жайын талқылады.
Экономика және өнеркәсіп салаларындағы ықпалдастық бойынша қазақстандық-испандық үкіметаралық аралас комиссияның бүгінгі отырысы аясында қосарланған салық салуды болдырмау бойынша конвенцияға қол қойылатын болады.