Испаниядағы ҚР Елшісі Каталония басшылығымен еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қызметін жүзеге асыру мәселелерін талқылады

СТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Испаниядағы елшісі Ерғали Бөлегенов Каталония автономиялық қоғамдастығында жұмыс сапарында болды, оның барысында Таррагон провинциясында Салоу қаласы басшылығымен кездесулер өткізді, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың испан тілінде шыққан «Қазақстандық жол» кітабының таныстырылымына қатысты.
None
None

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Салоу мэрі Пере Гранадоспен кездесуде қазақстандық дипломат сұхбаттасына еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік үдерістер, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаттары туралы әңгімелеп берді. Екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қозғалды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қызметі жүзеге асырылуына айрықша назар аударылды.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабының таныстырылымына мэрия басшылары, парламент депутаттары, дипломатиялық корпус, Таррагон провинциясына тұратын Достастық елдерінің өкілдері қатысты. Жиналғандар біздің Мемлекетіміз басшысы кітабының испан тілінде алғаш рет жарық көруін құлшына қарсы алды. Шарада сөз алған қала басшылары, дипломаттар, испандық қоғам қайраткерлері тәуелсіздік алғанннан кейінгі елдің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Президентінің рөлін, экономикалық және саяси реформалардың табыстарын атап көрсетті.

Шара ауқымында Салоу мэриясының ғимаратында орыс тілді «Интер» қауымдастығының кеңсесі ашылуы салтанатына қатысты, оны қала мэрі ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмысы үшін қайтарымсыз берді. Бұл қауымдастықты Испанияда тұратын Қазақстан азаматы Балқаш Жексембекова басқарады.

Барселонаға сапар барысында каталондық бала асырап алу директоры Сильвия Касельястң қатысуымен Елші қазақстандық балаларды асырап алған каталондық отбасыларда болды. Қазақстандық дипломаттар балаларға және олардың асырап алған ата-аналарына ұлттық кәдесыйлар, қазақ және орыс тіліндегі ақпараттық материалдарды тарту етті.

Соңғы жаңалықтар