Италия азаматы өз елінде шығарылған 70-тен астам эксклюзивті тонды Қазақ жеріне заңсыз кіргізбек болып, ұсталды

АЛМАТЫ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Алматының Халықаралық әуежайында «Франкфурт - Алматы» әуе рейсіне кедендік бақылауды өткізу кезінде 55 жастағы Италия азаматы ұсталды.
None
None

Оның төрт шабаданнан тұратын жүгін тексеру кезінде декларацияланбаған 71 тері бұйымдары - тондар табылды.

Аталған факті бойынша тергеуалды іс- шаралар өткізілуде, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар