Италияда қазақ тілі мен мәдениетінің орталығы ашылады (ФОТО)
Қос оқу орнының басшылары екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Аталған кездесуді Қазақстандағы Италияның Төтенше және Өкілетті елшісі Стефано Раваньян ұйымдастырды. «Біздің университетте шығыс халықтарының мәдениетін зерттеу кеңінен дамып келеді. Біз осы бағытта Жібек жолы желісі университеттерімен ықпалдастық орнатқымыз келеді», - деді Ка Фоскари университетінің проректоры Тициана Липпиелло. Кездесу барысында халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіров университетте 3 жылдан бері Италиядан келген оқытушылар итальян тілінде сабақ беріп келе жатқандығын атап өтті. Біраз әңгімеден соң қос оқу орнының басшылары Венеция университетінде қазақ тілі мен мәдениеті орталығын ашуға уағдаласты. Айта кету керек, мұндай жоба ҚазҰУ-інде бұрыннан жүзеге асып келеді. Қазір Йорданияда қазақ тілінің орталығы бар. Ка Фоскари университетінде Конфуций мен жапон орталығы бар екен. Сондай-ақ мұнда әлемнің 40 тарта тілінде сабақ өтеді.