Италияда "Тур де Ски" жарысының 7-кезеңі өтуде

АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Италиядағы Тоблахаде  "Тур де Ски" жарысының  7-кезеңі аясында әйелдер арасында  -15,
None
None

ерлер арасында 35 шақырымдық  15 шақырымдық із кесу сайысы өтті. Онда әйелдер арасында қазақстандық Елена Коломина мәре сызығын 35-боп кесіп өтті.  Ол жалпы есепте де 35-орында тұр. Еленаның командаластарынан  Татьяна Осипова 47-ші,  Марина Матросова 49-шы, Оксана Яцкая 50-ші орынға табан тіреді.

Ерлер арасында қазақстандықтардан бұл сайысты  Евгений Величко 39-шы,  Николай Чеботко 41-ші, Геннадий Матвиенко 48-ші,  Ердос Ахмадиев 58-ші боп аяқтады. Олар жалпы есепте де осы орындарын сақтауда.

 9 кезеңнен тұратын 11 күндік бұл байрақты бәсекенің жалауы  29 желтоқсанда Германияның   Оберхофесінде көтерілген болатын. Халықаралық шаңғы федерациясының қамқорлығымен дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл жарыстың авторлары - Олимпиаданың 3 дүркін чемпионы Вегард Ульванг мен Халықаралық шаңғы федерациясының Бас атқарушы директоры  Юрг Каполь.

Соңғы жаңалықтар