09:42, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Италияның сырты істер министрі Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне премьер-министр Сильвио Берлусконидің қатысатындығын растады
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясы жұмысына қатысу аясында Нью-Йоркте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Италияның Сыртқы істер министрі Франко Фраттинимен кездесу өткізді,
деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сұхбаттасушылар Қазақстан елордасында желтоқсанның 1-2-сі күні өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық барысын талқылады. Италия СІМ басшысы Саммитке Премьер-министр Сильвио Берлускони қатысатындығын растады.