«Iteca» мен «Expo.kz» компаниялары көрме қызметін ұсыну нарығында күш біріктірді

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның көрме қызметін ұсыну нарығында «Iteca» мен «Expo.kz» компаниялары күш біріктірді.
None
None

Бұл туралы «Iteca» ЖШС-нің PR-директоры Динара Алпысбаева мәлім етті.

 Келісім бойынша, Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік  мәселелеріне арналған қазақстандық халықаралық конференция (KIOSH) көрмесін және «AstanaMiningandMetallurgy (AMM) Тау-кен конгресі сынды шараларды дамыту мақсатында «Expo.kz» ЖШС «Iteca» компаниясының құрамына енді.

 «Бұл - тарихи шешім. «Iteca» ЖШС - аталмыш нарықтағы көшбасшы, халықаралық серіктестермен жұмыс жасауда тәжірибесі мол, бұл өз кезегінде АММ конгресі мен KIOSH көрмесіне үлкен серпін береді», - дейді «Expo.kz» ЖШС-нің директоры Дінмұхамед Қонаев.

 Оның пікірінше, жағымды ықпал жалпы шараны ұйымдастырудың деңгейінде байқалмақ. Сонымен қатар шетел және отандық қатысушылардың саны мен сапасына әсер етеді. Бұның барлығы шараның алдына қойылған негізгі мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

 Тараптардың пікірлеріне қарағанда, «Iteca» мен «Expo.kz» компанияларының күш біріктіруі барлығына жемісті болмақ.

Соңғы жаңалықтар