IV Астаналық экономикалық форум әлемдік экономиканың жаңа сәулетін қалыпстыруға жол ашады - профессор А.Спицын

Бүгін IV Экономикалық форумынға байланысты ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Ресей жаратылыстану ғылымдары акдемиясының вице-президенті, Еуразиялық экономикалық қауымдастығының кірігу мәселелерін стратегиялық зерттеу институтының директоры, порфессор Анатолий Спицын осындай пікір білдірді.
«Әрине, ол үшін Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып жүрген ұсыныстарды іс жүзінде атқаруға кірісу қажет. Бұл оңай шаруа емес. Меніңше, ол үшін Біріккен Ұлттық Ұйымының және оған қарасты экономикалық институттардың әлеуетін кеңінен қолдану керек-ақ. Ал ең бастысы, аймақтағы тұралап қалған қаржылық жүйенің виртуалды әсерін жойып, шынайы қаржылық ресурстардың экономиканың нақты секторларын дамытуына бағыттаған дұрыс», - деп атап көрсетті А.Спицын.
«Мен бірнеше жыл бойы Астанада өткізіліп жатқан Экономикалық форумның жұмыс барысын бақылап келемін. Осы орайда айтайын дегенім, аталған форумда танымал ғалымдар, саясаткерлер мен сарапшылардың баға жетпес пікірлері жария етіледі. Бұл бастамаға ұйытқы болған Қазақстан мен осы елдің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік экономиканы жаңғырту жолындағы ерен еңбегін, оның бүгінгі жаһандық экономиканың көкейкесті мәселелерін шешу үшін дүниедегі барлық ғалымдар мен сарапшылардың бірігуіне шақыратын үндеуін ерекше атап өткен жөн. Себебі қазіргі кезде байлар мен кедейлердің ара жігі күрт өсіп, осы екі топтың арасы алыстап кеткен. Бұған әлемдік экономикадағы қаржылық ресурстардың тепе-теңсіздігі басты себеп болуда», - дейді профессор А.Спицын.