IV Экономикалық форумының негізгі мақсаты - бірлескен прогресс өзара келісімге негізделуі тиіс - Пан Ги Мун

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада ашылған IV Астаналық экономикалық форумының ресми бөлімінде сөз сөйлеген Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ян Кубиш Пан БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның құттықтау сөзін жеткізді.
None
None

«Мен IV Астаналық экономикалық форумына өз құттықтауымды жолдап отырғаныма өте қуаныштымын. Осыдан үш жыл бұрын осы форумның алғашқы жиыны өткен кезде әлем аса ауыр экономикалық тұрақсыздыққа тап болды. Біз әлі күнге дейін сол дағдарыстан шығудамыз. Бұл жұмыс жалпыға бірдей болып атқарылып жатқан жоқ. Қазіргі кезде көптеген елдер қарқынды экономикалық даму жолына түссе, Еуропа, Солтүстік Америка және басқа мемлекеттерегі жұмыссыздық деңгейі бұл үрдісті тежеп отыр. Кейбір елдердің саяси әрекеттері басқа мемлекеттердің дамуына әсер етуде. Сондықтан IV Экономикалық форумының негізгі мақсаты - бірлескен прогресс өзара келісімге негізделуі тиіс. Біз өзара пікір алмасып, қордаланған мәселелерді бірге шешуіміз қажет. Осыған орай форум жұмысына сәттілік тілеп, Сіздерге шынайы құттықтауымды жеткізгім келеді», - делінген БҰҰ Бас хатшысының құттықтау хатында.

Соңғы жаңалықтар