03:10, 01 Қазан 2017 | GMT +5
Иван Дычко аса ауыр салмақтағы боксшылардың рейтингіне енді
АСТАНА. ҚазАқпарат -Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізіп, жеңіске жеткен Иван Дычко BoxRec.com беделді порталының аса ауыр салмақтағы боксшылардың рейтингіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
27 жастағы қазақстандық боксшы 684-інші орынға орналасты.
Еске салайық, 30 қыркүйек күні Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. АҚШ-тың Даллас қаласында өткен жекпе-жекте жерлесіміз алғашқы раундта америкалық қарсыласы Эйбур Райтты техникалық нокаутпен жеңді. Бұл Вирджиниядан шыққан 34 жастағы боксшының спорттық мансабындағы екінші жеңілісі. Ол осыған дейін екі қарсыласынан басым түскен еді.