Иван Дычко жаттықтырушылар нұсқауын 100 пайыз орындады - Мырзағали Айтжанов

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпидасында 91 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Иван Дычко жаттықтырушылар нұсқауын 100 пайыз орындады.
None
None

Бұл пікірді Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов білдірді, деп хабарлады Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

«Ваня жаттықтырушылардың нұсқауын 100 пайыз орындады. Ол өте тыңғылықты бокшсы, біздің оған іріктеген тактикамызды толығымен орындап шықты. Шаршы алаңда да жаттықтырушының ақыл-кеңесіне құлақ асты. Бұл оның Лондондағы алғашқы жекпе-жегі әрі менің ойымша, келесі кездесуінде де өзін жақсы қырынан көрсетеді», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда И.Дычко қарсыласы германиялық Эрик Пфайферді бірінші раунда-ақ нокдаунға жіберген болатын. Дегенмен немістің тәжірибелі боксшысы есін жиып, жарысты соңына дейін жалғастыра алды. Ал 21 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының күрзі жұдырық жігіті 14:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға шыққан еді. Енді И.Дычко 7 тамыз күні Астана уақыты бойынша 04:00-де канадалық Саймон Кейнмен айқасады.

Соңғы жаңалықтар