Иван Гашпарович Қазақстанға «Одесса-Броды» мұнай құбыры жобасына қатысуды ұсынды

СТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан бизнес-форум барысында Словакия Президенті Иван Гашпарович Қазақстанға «Одесса-Броды» мұнай құбыры жобасына қатысуды ұсынды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еуропалық комиссия «Одесса-Броды» мұнай құбыры жобасын қарастырып жатыр. Егер Қазақстан осы мұнай құбырына мұнай жеткізуші болса, бұл өз кезегінде Словакияға мұнай тасымалын диверсификациялауға және сіздердің мұнай мен газдарыңызды үшінші елдерге транзиттеу үшін біздің құбырларды пайдалануға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті Словакия Президенті.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Словакия Президентімен болған келіссөздерден кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Қазақстаннан Словакияға мұнай жеткізу көлемі 3 миллион тоннаны құрағанын, ал биылғы жылы бұл көрсеткішті екі есеге арттыру мүмкіндігі бар екенін жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар