18:43, 18 Қазан 2012 | GMT +5
«Іздестіру» операциясы: Алматы облысында ауылдасын жарақаттаған жігіт ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 қазан. ҚазАқпарат - Талғар АІІБ-ның полиция қызметкерлері облыстық ІІД-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып Панфилов кентінің тұрғынына ауыр дене жарақаттарын салды деген күдікпен өткен жылдың тамыз айынан бастап іздестіруде жүрген 20 жастағы жігітті ұстады.
Ауылдағы дәмханалардың бірінде болған төбелестің кезінде күдікті шыны бөтелкені «қарсыласына» қарсы қолданып, соның салдарынан зардап шегуші көз жанарынан айырылған. Талғар АІІБ істі тексеруді жалғастыруда.
Сонымен қатар Талдықорғанда топ құрамында қарақшылық шабуыл жасаған 35 жастағы ер адам ұсталды.
«Іздестіру» жедел-алдын алу шарасы жалғастырылуда.