Израиль Газаның солтүстігіне гуманитарлық көмек жеткізу үшін Циким бекетін қайта ашты

АСТАНА.KAZINFORM - Бұл шешім саяси басшылықтың нұсқауы бойынша қабылданды және анклавтың солтүстігіне БҰҰ мен халықаралық ұйымдардың бақылауымен қажетті заттарды жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Израиль вновь открыл КПП Циким для ввоза гумпомощи в Газу
Фото: x.com / @cogatonline

Израиль сәрсенбі күні гуманитарлық көмек үшін Газа секторының солтүстігіндегі Циким өткелін қайта ашты. Бұл туралы Израиль Қорғаныс министрлігінің Палестина аумақтарындағы көмекті үйлестіруге жауапты агенттігі COGAT хабарлады.

Бұл шешім елдің саяси басшылығының нұсқауы бойынша қабылданды және БҰҰ-ның қақтығыс кезінде қатты зақымдалған анклавтың солтүстік аймақтарына қажетті заттарды жеткізу үшін өткелді қайта ашу туралы бірнеше рет жасаған үндеуіне жауап болды.

БҰҰ-ның Үйлестіру және гуманитарлық мәселелер басқармасының мәліметінше, Циким бекеті 12 қыркүйекте жабылды, гуманитарлық ұйымдар содан бері көмек жеткізе алмады. Оңтүстік бағыттар арқылы ішінара жеткізілімдерге қарамастан, көлем жеткіліксіз болды.

Халықаралық бақылау агенттіктерінің мәліметі бойынша, Газа қаласы мен оның маңындағы аудандарды қоса алғанда, солтүстік Газа қазірдің өзінде аштық жағдайында.

COGAT мәлімдемесінде гуманитарлық көмек Израиль Қорғаныс министрлігінің Құрлық өткелдері қызметінің мұқият тексерулерінен кейін БҰҰ және халықаралық ұйымдар арқылы жеткізілетіні аталып өтті.

Айта кетейік, осыған дейін БҰҰ соты Израильден Газадағы гуманитарлық бағдарламаларды жеңілдетуді талап еткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар