«Известия-Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметіне Эдуард Полетаев, бас директоры болып Қадыржан Забих тағайындалды

АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - «Известия-Қазақстан» газетінің басшылығы өзгерді. ҚазАқпаратқа «Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры Қайсар Жанахановтың хабарлауынша, «Известия-Қазақстан» газетінің бас редакторлығына белгілі журналист-саясттанушы Эдуард Полетаев, ал осы басылымның бас директоры болып республикалық КТК телеарнасында қызмет атқарған журналист Қадырхан Забих тағайындалды.
None
None

Жаңа басшылар редакция ұжымына өткен сенбі күні, ақпанның 20-сында таныстырылды. «Известия-Қазақстан» газеті журналистерінің айтуынша, Э.Полетаев жаңа қызметіне сәуірдің 1-інен кірісетінін айтқан.

Соңғы жаңалықтар