Julius Baer Bank талдамашылары Қазақстан табысты дамып отырған инвестиция үшін перспективалы ел деп санайды

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Julius Baer Bank талдамашылары Алматыда «2013 жылға арналған жаһандық макроэкономикалық болжамды» таныстырды. Шара Шейцарияның жетекші банкімен әріптестік қатынас орнатқан Еуразиялық банк қолдауымен өтті.
None
None

Julius Baer Bank бас экономисі және басқарушы директоры Йохан Виллем Акет әлемдік трендтер туралы айта келіп: «Әлемдік сауда көлемі құлдырады. Соңғы екі жылда бірқатар елдердің экономикаларында шұғыл секірістер тіркелді, бұл жаңа құлдырау болмайтынына кепілдік жоқ дегенді білдіреді», деп атап өтті. Оның айтуынша, Еуропадағы тұрақсыздық инвесторлардың қаржы нарықтарына қызығушылығын төмендетуге соқтырады: биржа ойыншылары белгісіздіктен шаршады.

Оның пікірінше, әлемдік экономика орнықсыз болып тұр: «ЕО-да стагнация жалғасуда. Франция мен Италияның борыштық дағдарыспен күрестегі жаңа сәтсіздігінен позициясын әлсіретуі алаң туғызуда. Дегенмен, Еуропада оң өсім аралдары бар. Германия дағдарыспен ойдағыдай күресуде, сондай-ақ Швейцарияның да бұл орайдағы әрекеттері жаман емес. Әлемдік экономикада дамушы елдер күш алып келеді», деп мәлім етті Йохан Виллем Акет.

Бұл елдердің қатарында швейцарлық банкирлер Қазақстанды да атады, ол тұрақты дамып отыр және инвестиция жағынан да тартымды, деп санайды талдамашылар. Біздің республика ЖІӨ-нің 2-ден 7 пайызға дейін өсуі болжанып отырған Азия елдерінің ішінде. Швейцарлықтардың болжамынша, 2013-2014 жылдары Қазақстанда экономикалық өсім күтіледі. Ал АҚШ пен Еуропа елдерінде бұрынғыша құлдырау жалғасады. Баяндамада сондай-ақ Қазақстанмен көршілес Қытайдағы «экономикалық керемет» жөнінде ескерту жасалды. Дағдарысқа қарсы экономиканы ақшамен көміп тастау қысқа мерзім ғана тиімділік берді, қазір осы елдің экономикасындағы өсім бәсеңдеді.

«Julius Baer Bank талдама департаменті - әлемдегі ең қуатты қаржы институттарының бірі, оны Bloomberg және басқа да қаржы агенттіктері бағалайды. Біз олардан ең үздік талдамалар алып отырмыз, ал жаһандық трендтер бойынша шолулар біздің және клиенттеріміздің үлкен қызығушылығын туғызуда», - деп атап өтті Еуразиялық банк басқарма төрағасының орынбасары Аяз Бақасов.

Julius Baer Bank - штаб-пәтері Цюрихта орналасқан жетекші жеке банк. Оның негізін 1817 жылы Baer отбасы қалаған. Julius Baer Group банк тобының бөлігі, ол дәулетті жеке клиенттерге қызмет көрсетуге және кеңес беруге маманданған, оның басқаруында 250 млрд. АҚШ доллары көлемінде активтері бар.

Соңғы жаңалықтар