Қ. Бозымбаев: Көлік инфрақұрылымы мен жолдарды дамыту - біздің жұмысымыздың басым бағыты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік инфрақұрылымы мен жолдарды дамыту - біздің жұмысымыздың басым бағыты. Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев осылай мәлімдеді.
None
None

Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, Омбы-Майқапшағай республикалық маңызға ие жолын жаңғырту өзекті жоба болып табылады. Облысты басып өтетін жол ұзақтығы 385 шақымырды құрайды. Өңір басшысының айтуынша, халықаралық көлік дәлізі болып табылатын, көлік дәлізі Ресейдің үш өңірі мен Қазақстанның екі облысын, Қытайдың шеткі бөлігін алып жатыр әрі халықаралық көлік байланысын қамтамасыз етпек.

«Дегенмен, облыстағы өзекті мәселенің бірі - жергілікті жолдардың жағдайымен байланысты. 1200 шақырым аумақтағы аудандық деңгейдегі жолдар еш сын көтермейді. Сондықтан да, көлік дәлізін дамыту мен жолдарды жөндеуді біз жұмысымыздың ең басты бағыты ретінде айқындадық. Биыл осы мақсаттарға 5 млрд. теңге бөлініп, ол былтырғыға қарағанда 1,4 пайызға артты», - деді Қ. Бозымбаев.

Сонымен қатар, облыс басшысы су көлігінің әлі де өз әлеуетіне көтеріле алмай отырғанын атап өтті. Әкім бұл ретте облыста бірқатар шаруалар атқарылғанымен, ондай жұмыстарға бір ғана Павлодар облысының шамасы жетпейтінін алға тартты.

«Сондықтан да, Атыраудағы шекара маңындағы ынтымақтастық форумында біз Ресейдің Омбы облысындағы әріптестермен уағдаласып, көліктік дәлізді, соның ішінде су көлігін дамыту мәселелеріне келістік. Егер Ресей тарапы қызығушылықты одан сайын арттырып, нақты шараларға көшсе, бұл біздің кәсіпкерлер үшін экспорттық әлеуетті арттыратын еді. Теңіз көлігі туризм үшін де жаңа мүмкіндіктерге ие», - деді Қ. Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар