Қ. Бозымбаев: Мен Елбасы сенімін ақтап, жұртшылықтың көңілінен шығуға тиіспін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңір басшысы ретіндегі басты міндеті Елбасы сенімін ақтау мен халықтың көңілінен шығу екенін мәлімдеді.
None
None

«Менің ойымша, барлық шенеуніктер - жемқорлар деп айту әбестік. Бұл дұрыс емес. Керісінше, орта буында, одан төменгі буындарда жастар арасында нағыз патриоттар басым, олар халық үшін қызмет етіп, ел тәуелсіздігін берік қорғай алады. Сондықтан да, барлық әкімдерді, басқа да министрлер мен агенттік басшыларын, мемлекеттік қызмет өкілдерін даттау, оларға тіл тигізу дұрыс емес», - деді брифинг барысында журналистер сауалына жауап берген Қ. Бозымбаев.

Бұл ретте облыс басшысы әкім ретіндегі басты міндеті Елбасының сенімін ақтап, халықтың көңілінен шығу екенін жеткізеді.

«Біз бір жұмысты қолға алдық па, онда барды салып аянбау керек, елдің алдында ұятқа қалмайтындай жұмыс істеуге тиіспіз. Мәселен, менің ұстанымым былай: біріншіден, Елбасы сенімін ақтау, өйткені Президент маған осы жоғары қызметті сеніп тапсырды. Екіншіден, мен халықтың көңілінен шығуға тиіспін. Сондықтан да, мен жұмыс істегенде Президент айтпақшы «шаңын шығарып тұрып» жұмыс істеуім керек. Сондықтан да, келесі жылы «жұмыстың шаңын шығаруға» тырысамыз», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар