К. Көкірекбаев: Елбасы жаңа жаҺандық ахуал талабына сай әрекет етудің жолдарын көрсетті (ФОТО)
Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Барша қазақстандықтармен бірге қасиетті Әулиеата жұрты да жаңа Жолдауды қызу қолдап, Елбасы саясатының маңына топтасуда. Мемлекет басшысы жаңа жаҺандық ахуал талабына сай әрекет етудің жолдарын көрсетті. Еліміздің үдемелі және сенімді дамуын қамтамасыз етудің жаңа міндеттерін қойды. Сондықтан, Елбасы белгілеген тапсырмаларды орындау - қашан да үлкен абырой, мәртебелі міндет», -деді облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев. Сөз соңында аймақ басшысы ақпараттық автокеруенге ақжол тіледі. Салтанатты түрде автокеруенді Тараз қаласының орталық алаңынан шығарып салуға облыс басшылары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен жетекшілері, қоғам қайраткерлері, спортшылар,сонымен қатар қала тұрғындары қатысты. Насихат керуеніне барлығы 100-ге жуық адам тартылған. Олардың құрамында облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, жастар, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, мәдениет саласының өнерпаздары бар. 10 ауданға аттанған арнайы топтар облысқа қарасты шалғай жатқан әрбір елді-мекен тұрғындарымен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ керуен құрамында аудан тұрғындарына төмен бағада тауар ұсынатын 870 тонна әлеуметтік азық-түлік тиелген 8 жүк көлігі бар.