19:27, 25 Сәуір 2013 | GMT +5
Қ.Мәми Ресейдің Мүфтилер кеңесінің төрағасымен кездесті
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қайрат Мәми Ресейдің Еуропалық бөлігі мұсылмандарының діни басқармасының төрағасы, Мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің қызметі, дінаралық үнқатысуды ілгерілету мәселелері туралы әңгіме болды. Р.Гайнутдин жер жүзінде бейбітшілік пен тыныштықты нығайтудағы Қазақстанның және Президент Н.Ә.Назарбаевтың рөлін айрықша атап көрсетті.