12:14, 25 Ақпан 2012 | GMT +5
Қ.Мәми Сауд Арабиясы Короліне ҚР Президентінің Қазақстанға сапармен келуге шақыруын тапсырды
ЭР-РИЯД. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Корольдіктің Консультациялық кеңесінің төрағасы Абдалла Аль аш-Шейхқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Король Абдалла бен Абдель Азиз Әл Саудқа Қазақстанға өзіне ыңғайлы уақытта келуге шақыруын тапсырды.

Қ.Мәми Эр-Рияд қаласына бүгін Ритц-Карлтон қонақ үйінде өтетін «G-20» елдері Парламент спикерлерінің 3-ші кездесуіне қатысу үшін келді.
Қ.Мәмидің «Мәдениеттердің ғаламдық диалогы» Консультациялық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйлеуі күтіліп отыр.