К.Мәсімов халықты жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін халықты жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді,
None
None

деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Отырыс барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010 жылғы Жол картасын қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстары қаралды.

Анықтама үшін: 2010 жылы Жол картасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 100 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерден - 43,1 млрд. теңге көзделген.

Бұрын (ведомстовоаралық комиссияның 2009 жылғы қарашаның 29-ындағы шешімімен) жол картасының инвестициялық бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы лимиті 82 млрд.теңге болып бекітілген болатын.

Соңғы жаңалықтар