20:16, 24 Қазан 2015 | GMT +5
К. Мәсімов пен Мәскеу мэрі екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың бірқатар мәселелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мәскеу мэрі Сергей Собянинмен кездесті, деп жазады primeminister.kz.
Кездесу барысында Үкімет басшысы мен Ресей астанасының мэрі екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың бірқатар мәселелерін талқылады.
Кәрім Мәсімов Астана әкімдігі мен Мәскеу үкіметінің жаңа 2016-2018 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық деңгейін одан әрі дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.