16:21, 18 Қараша 2011 | GMT +5
К.Мәсімов Сербияның СІМ басшысымен кездесті
ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Сербияның сыртқы істер министрі Вук Еремичпен кездесті.
Рm.kz сайтында хабарланғандай, келіссөз барысында В.Еремич К.Мәсімовті Сербия Республикасының экономикалық жағдайымен таныстырды. Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа, Қазақстанға серб технологияларын трансферттеуге мүдделілік білдірді. Сондай-ақ мұнай-газ және фармацевтика салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.